Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмада мұнай бағасы өсті, Brent барреліне $51,7 сатылуда

Жұмада мұнай бағасы өсті, Brent барреліне $51,7 сатылуда

Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - Бүгін биржадағы сауда-саттық кезінде мұнайдың бағалы түрлерінің құны өсті, алайда апталық көрсеткішпен алғанда төмендеу байқалды.

Лондондық ICE Futures биржасында Brent-тің маусым айындағы фьючерсінің бағасы 29 центке (0,56%) - барреліне $51,73 дейін көтерілді. Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX)  WTI-дің маусым айындағы фьючерсінің бағасы 41 центке (0,84%) өсіп - барреліне $49,38 жетті. Апта басынан бері Brent маркасының бағасы 0,4%-ға, WTI  0,5%-ке түскен. Инвесторлар соңғы үш айда АҚШ-тың мұнайды өндіру көлемін тұрақты түрде өсіруі ОПЕК мен оның серіктетерінің мұнай көлемін азайтуына кері әсер береді деп отыр. АҚШ-тың әрекетінен кейін ОПЕК елдері нарықтағы үлесінің азаюынан қорқып, шілде айында аяқталатын мұнай өндірісін азайту туралы келісімді ары қарай жалғастырмауы мүмкін. Нәтижесінде мұнай бағасы $50 төмендеп барреліне $40 дейін жетуі мүмкін. Аталған келісімді ұзарту мәселесі 24 мамырда Венадағы мониторингтік комитеттің министрлік отырысында талқыланады. Бұдан кейін ОПЕК-ке мүше елдердің конференциясы өтеді. Ол жерде мұнай өндірісі көлемін реттеу мерзімін ұзарту мәселесі талқыланады.

Похожие материалы