Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмысқа жарамды қазақстандық жастардың саны белгілі болды

Жұмысқа жарамды қазақстандық жастардың саны белгілі болды

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылдың басында Қазақстандағы жұмысқа жарамды жастардың саны (15-35 жас аралығы) 5,55 млн-ға жетті деп хабарлайды Ranking.kz.

Оның ішінде жұмысқа жарамды әр бес адамның біреуі Алматы және Алматы облысының тұрғыны болып шыққан.

Жұмысқа жарамды тұрғындар халықтың 31 пайызын құрайды. Ал Алматы облысының тұрғындарының 29 пайызын 15-35 жас аралығындағы жастар құрайды. Алматы қаласында 621 мың адам жұмыс істеуге жарамды. Ал Астанада 344,7 мың, Қарағанды облысында 411 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 906,7 мың жұмысқа жарамды жас бар.

Алматы облысындағы жұмысқа жарамды жастардың саны артып келеді. Қазір облыстағы жастар жалпы Қазақстан бойынша жұмысқа жарамдылардың 11,4 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш 2010 жылы бар-жоғы 9,6 пайызда еді.

2017 жылы Маңғыстау облысында "Өрлеу" жобасы аясында 4400 адам жұмыспен қамтылды.

Похожие материалы