Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмыс аптасын доллар 337,64 деген курспен бастады

Жұмыс аптасын доллар 337,64 деген курспен бастады

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде  13 қыркүйектегі  доллардың орташа бағамы 337,64 теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан  қор  биржасының  (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 336,35 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 337,90 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 337,54 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі  62 млн 750 мың доллар. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 117.

Ақша айырбастау орындарында 13 қыркүйекте доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 340, Астанада 339,5 теңгені құрады.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы