Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа iPhone-ның шығатын күні белгілі болды

Жаңа iPhone-ның шығатын күні белгілі болды

iPhone жаңа моделінің сатылымы 2015 жылдың 25 қыркүйеінде басталуы мүмкін. Сатылым Vodafone операторы арқылы жүргізілмек. Бұл жөнінде Mobile News порталы хабарлайды. Жаңалық мобильді байланыс операторлары қызметкерлерінің өзара алмасқан хабарламаларынан белгілі болып отыр.

Apple смартфондарына алдын-ала тапсырыс қабылдау 18 қыркүйектен басталады деп күтілуде. Гаджет "жаңа  iPhone" деп аталуына байланысты, iPad планшеттеріндегідей стратегия қолданылмақ. Және құрылғыға реттік нөмір берілмеуі мүмкін. Жаңа iPad туралы қауесет желіде мамыр айында таралды. Ол Force Touch технологиясымен жабдықталады. Яғни, камерасы қазіргіден де жақсы түсіретін болады әрі қосышма бірнеше өзгеріс енгізіледі деген сөз. KGI Securities ақпарат көзінің айтуынша, экран анықтығы әрі көлемі өзгеріссіз қалмақ. Диагональдары - 4,7 және 5,5 дюйм. Жаңалық болып тұрғаны - "қызғылт алтын" түсті корпуста шығатыны.

Похожие материалы