Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа теңге курсы алматылық кәсіпорындардағы жаппай қысқартудың алдын алды

Жаңа теңге курсы алматылық кәсіпорындардағы жаппай қысқартудың алдын алды

Алматылық азық-түлік кәсіпорындарға теңге курсы еркін айналымға көшкеннен кейін қызметкерлер штатын сақтап қалудың сәті түсті. Бұл туралы Алматы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Альфия Балова Алматыдағы брифинг кезінде мәлімдеді.

Әкімшілік өкілдігінің мәлімдеуінше, алматылық кәсіпорындар қызметкерлерімен келісім-шартты қайта қарауға дайын тұрды. "Маслодел" 250 адамды қысқартуды немесе қысқа жұмыс күнінен ауыстыруды жоспарлаған. Енді олар толық жұмыс күнінде қызмет істейді. "Алматылық өнім" компаниясы да 40 адамды қысқартуы қажет еді. Қазір олар жұмыс істейді, баға бәсекеге қабілетті болды", - деп атап өтті А.Балова. Оның сөзінше, енді жергілікті өндіріс жаңа курсқа байланысты тауар бағасын көтермеуге уәде беріп отыр. Әкімшілік өкілдігінің атап өтуінше, бағаны осы деңгейде сақтап қалу үшін Алматы әкімдігі сауда жүйелерімен 100 меморандумға қол қойды. Сауда кешендері қазақстандық өндірістегі азық-түлік тауарларының бағасын 2 ай бойы көтермеуге уәде берді. Сондай-ақ, брифингке "Алматы электромеханикалық зауытының" директоры Жанділдә Ілиясов та қатысты. Кәсіпорын өткен жылы 60 млн доллар көлеміндегі өнім экспорттағанымен, 2015 жылдағы экспорт көлемі 10 млн долларды ғана құрады. Ж.Ілиясов жаңа теңге курсы бұрынғы көлемді қайта қалпына келтіруге көмектеседі деп сеніп отыр. "Осы жылғы экспорттық жеткізілімдер туралы өткен жылы келісіліп қойылған. Егер өзгеріс болмаса, осы жылдың екінші жартысында да, келесі жылы да алдын-ала келісім-шартқа отыру қиын болар еді", - деп қорытындылады Ж.Ілиясов.

Похожие материалы