Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа Windows 10 тыңшы боп шықты

Жаңа Windows 10 тыңшы боп шықты

Microsoft компаниясының жаңа Windows 10 операциялық жүйесі үнсіз келісім бойынша қолданушыны аңдып отырады. Яғни, хаттарыңызды оқып, контакттар мен күнтізбедегі ескертпелеріңізді қарап отырады деп хабарлайды RT.

Сонымен бірге, ОЖ жиналған мәліметтердің негізінде жарнаманы да соған лайықтайды. Зауытта қойылған баптаулар жеке өміріңізге араласатындай етіп жасалыпты. Мәселен, электронды поштаға келген хаттар, контакттар мен ескертпелерді ол көріп отырады. Internet Explorer браузерінің орнын Edge басқан. Ол болса жинақталған мәліметтерді қорытып, жарнаманы да соған байланысты көрсетеді. "Мен мәлімет жинау мен жеке өмірге араласуын көріп, қатты таң қалдым. Және мұндай баптаулар үнсіз келісім бойынша қойылған. Көпшілігі не екенін оқымастан, келісе салады. Нәтижесінде өзі туралы ақпараттың бәрін беріп отырғандарын білмейді де", - дейді бағдарламашы Джонатан Порта.

Похожие материалы