Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа Windows шыққан алғашқы тәулікте 14 миллион құрылғыға орнатылған

Жаңа Windows шыққан алғашқы тәулікте 14 миллион құрылғыға орнатылған

Microsoft-тың жаңа Windows 10 операциялық жүйесі шыққан бір тәуліктің ішінде 14 млн құрылғыға орнатылған. Бұл жөнінде компанияның аға вице-президенті Юсуф Мехди өз блогында жария етті.

Компанияның айтуынша, олардың күткені осы болатын. Тіпті бір уақытта жүктеуге болатын жаңартулардың санын шектеуге тура келген. Интернеттің қалыпты жұмыс істеуі үшін компания қолданушылардың кезегін жасап қойған. Кім ертерек кезекке тұрған болса, сол ретімен жүктейді. Интернет-провайдерлер 29 шілде күні жүктеуге мүмкіндік ашылғалы бері құрылғыға жүк түскенін айтып жатыр. Күнделікті көрсеткішпен салыстырғанда трафик 35 пайызға өскен. Microsoft жаңа операциялық жүйені орнату тегін деп жатыр. Ол жерге "Пуск" батырмасы қайта оралған. Бірақ, ақылы қызметтер де жоқ емес. Мәселен, Solitaire пасьянсындағы жарнамаларды өшіру үшін бір айға 1,49 доллар төлейсіз. Бір жылға өшіру - 9,99 долларды құрайды.

Похожие материалы