Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңаөзен мұнай қоймасындағы өрт сөндірілді

Жаңаөзен мұнай қоймасындағы өрт сөндірілді

Мұнай қалдықтарын төгу бойынша қойма аумағындағы өрт жойылды деп хабарлайды  Tengrinews.kz  MangystauOnline ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

"19 қыркүйекте 23 сағат 34 минутта өрт ошағы шектеліп, 20 қыркүйек 07 сағат 31 минутта өрт жойылды. Отты сөндіруге 35 арнайы техника және 144 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ",- деді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев. Оның сөзінше, 20 қыркүйекте мамандар мұнай қалдықтарын төгетін қойма аумағындағы өрт себебін анықтауға кірісті. Жалын алаңы шамамен 10 мың шаршы метрді құрайды.

Похожие материалы