Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаһандағы қымбат 7 бренд

Жаһандағы қымбат 7 бренд

Forbes журналының америкалық нұсқасы жыл сайын түрлі рейтингтер жүргізіп отырады. Соның ішінде әлемдегі ең қымбат 100 брендінің тізімін көпшілік асыға күтеді. Ендеше "қымбат" жетілікпен 7kun.kz таныстыруды жөн көріп отыр.

Тізімге 15 мемлекеттің 20 түрлі сала бойынша қызмет атқаратын компаниялары енген.

Әлемнің ең қымбат 7 брендінің рейтингі:

1. Apple – 145,3 миллиард доллар 2. Microsoft – 69,3 миллиард доллар 3. Google – 65,6 миллиард доллар 4. Coca-Cola – 56 миллиард доллар 5. IBM – 49,8 миллиард доллар 6. McDonald’s – 39,5 миллиард доллар 7. Samsung – 37,9 миллиард доллар

Негізі тізімде 100 компания бар. 2015 жылы енген жаңа бес компания: Lego (82-орын), PayPal (97-орын), Mini (98-орын), Moët & Chandon (99-орын) және Lenovo (100-орын). Жаңа рейтингте автомобиль және жоғары технологиялық брендтердің бәсі артық. Жартысына жуығы америкада тіркелген. Тоғыз компания Германияға, жеті компания Жапонияға және тағы жетеуі Францияға тиесілі. Үздіктердің ішінде көршілес Ресей мемлекеті де енбеді. Рейтинг қаржылық нәтижесіне, тұтынушылардың талғамдарына және брендтің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты жасалды.

1. Apple

Apple-Inc-AP

Брендтің құны: $145,3 млрд

Бір жылдағы өзгеріс: +17%

Аталған тізімдегі басқа брендтерден Apple маркасы кем дегенде екі есе қымбат тұрады. Шамамен, 145,3 млрд доллар деп есептеледі. 2014 жылдың үшінші тоқсанында компания әлем бойынша 74,8 млн смартфон сатып, нәтижесінде 18 млрд доллар пайда тапқан. Смартфондар сатылымы жөнінен Samsung үнемі алда тұратын. Бірақ, 2015 жылы Apple басты қарсыласын басып озды. iPhone сатылымы 49%-ға өсіп, бір тоқсандағы пайда 18 млрд долларды құрады.

2. Microsoft

02TASS_9514227

Брендтің құны: $69,3 млрд

Бір жылдағы өзгеріс: +10%

2014 жылдың ақпан айынан бері компания басшысы үндістандық Сатья Наделла болып тағайындалды. Өткен жылдың көп күттірген жаңалығы - Windows жаңа нұсқасы еді. Бір мезетте миллиондаған адам жүктеп, сервер құлауға қалғанымен де есте қалды.

3. Google

03TASS_10883292

Брендтің құны: $65,6 млрд

Бір жылдағы өзгеріс: +16%

Google АҚШ-тағы нөмірі бірінші іздеу жүйесі. Тіпті әлем бойынша да алдыңғы орында тұр. Барлық іздеу жүйелері нарығындағы мұның үлесі – 64,4%.

4. Coca-Cola

04TASS_7809436

Брендтің құны: $56 млрд

Бір жылдағы өзгеріс: 0%

АҚШ-та Coca-Cola сатылымы 2014 жылы сол қалпынан аз ғана өзгерген - 0,1%. Бірақ сұраныс азайды деп айтуға келмейді. Себебі 15 жыл қатарынан бұл компания Америка елдерінің ішкі нарығындағы "нөмірі бірінші". 2014 жылы компанияның таза табысы 17 пайызға, диеталық кола сатылымы 6,6 пайызға түскен.

5. IBM

05TASS_4290711

Брендтің құны: $49,8 млрд

Бір жылдағы өзгеріс: +4%

Ең қымбат бестікте тұрса да, компанияның бүгінгі халі өте ауыр. Себебі 12 тоқсан бойы IBM құрылғыларының сатылымы азайып жатыр. Тығырықтан шығу үшін компания бұлт технологиясының көмегімен есептеу саласының үздігіне айналуды мақсат етіп отыр. 2015 жылдың 1-тоқсанында IBM шығарған "бұлттардан" түскен пайда 60 пайызға өскен.

6. McDonald's

06TASS_10349591

Брендтің құны: $39,5 млрд

Бір жылдағы өзгеріс: -1%

McDonald's күн сайын әлемнің жүздеген елдерінде 69 млн адамға қызмет көрсетеді. Бірақ соңғы уақытта америкалықтардың тағамға деген талғамы өзгеріп, жағдайы нашарлауда. Себебі, азиялық тағамдарға деген сұраныс күн санап өсіп жатыр. 2015 жылдың алғашқы тоқсанында сатылым 11 пайызға азайған. Сол себепті өткен жылы шығынын ақтамаған 700 мейрамханасын жапты. Олардың көбі АҚШ, Қытай және Жапония елдеріне тиесілі орындар. 2016 жылдың наурыз айында Қазақстандағы алғашқы McDonald's мейрамханасы Астана қаласында ашылды. 200-ге жуық адам жұмыс істейді.

7. Samsung

07TASS_04698721

Брендтің құны: $37,9 млрд

Бір жылдағы өзгеріс: +8%

Apple-дың қымбат гаджеттеріне қызығушылардың саны күрт өсіп, 2015 жылы сатылым жөнінен Самсунг екінші орынға түсіп қалды. Сондай-ақ, қытай өндірушілерінің тарапынан да бәсекелестік күшейген. Бірақ жаңа смартфон S6 сатылымына компания үлкен үміт артып отыр. Осы жылдың соңында Apple-мен арадағы "тартыстың" нәтижесі белгілі болады. Бір айта кетерлігі, самсунгтың соңғы нұсқадағы телефонын қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин таныстырған еді.

Похожие материалы