Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Жайықмұнай» ЖШС-на 1,5 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін

«Жайықмұнай» ЖШС-на 1,5 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін
«Жайықмұнай» ЖШС-на ауа ластағаны үшін 1,5 млрд теңге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚазТАГ хабарлайды.  «2015 жылдың 17 қыркүйегінде «Жайықмұнай» ЖШС Батыс Қазақстан облыстық экология департаментінен талап арыз алды. Ол жерде департамент сотқа «Жайықмұнай» ЖШС -нан өз еркімен ауа ластағаны үшін 1 489 447 200 теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр», — делінген компания таратқан хабарламада. Компания басшылығы болса, аталған наразылыққа негіз жоқ әрі инвесторлардың ынтасына әсер ете алмайды деп отыр.

Похожие материалы