Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Орташа жалақы көрсеткіші халық наразылығын тудырды

Орташа жалақы көрсеткіші халық наразылығын тудырды

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz - Қазақстандықтар статистикадағы орташа айлық  көрсеткіштер тым жоғары есептелгендігіне наразылық білдірді. Бұған қатысты Статитика комитетінің төрағасы Н.Айдапкелов түсініктеме берді.

"Жалақыны есептеу өте оңай. Жаппай ірі және орташа кәсіпорындардың есептері алынады. 50 000-нан астам кәсіпорындарға жұмысшылар саны мен жалақы қоры бойынша есеп өткізеді. Төлем қоры жұмысшылардың орташа санына бөленіде, нәтижесінде орташа жалақыны есептеп шығарамыз. Дәл осындай мәліметтер кіші бизнес бойынша да бар - бұл жерде көрсеткіштер төмен болады. Бірінде жоғары, бірінде төмен болуы қалыпты, бірақ орташа 143 мың теңге шығады. Орташа жалақыны есептеген кезде, төлем қорына сыйақы,демалысқа төленетін ақылар, барлығы қосылып есептеледі, сондықтан да осындай сан шығады", - деп түсіндірді комитет төрағасы.

Еске салсақ, қазақстандықтар орташа жалақы туралы мәліметтерді сынға алған болатын. 2017 жылдың І тоқсанында орташа жалақы көлемі - 140 мың 300 теңге. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалақы статистикасы мемлекеттегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіші емес екенін атап өтті.

Похожие материалы