Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жалақысы төмен қазақстандықтарға салықтық жеңілдіктер жасалды

Жалақысы төмен қазақстандықтарға салықтық жеңілдіктер жасалды

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – 1 қаңтардан бастап табысы 25 АЕК-тен (63,125) аспайтын қызметкерлер жалақыдан 90%-ға табыс салығын төлеуден босатылды.

Салық кодексіне түзетулер 2019 жылдың басынан бастап күшіне енді. Егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК-тен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзету қолданылатын болады. Тиісінше, егер жұмыскердің есептелген кірісі 25 АЕК-тен асқан жағдайда, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90% мөлшерінде түзету қолданылмайды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының бес жаңа әлеуметтік бастамасын қарау туралы өтініш білдірген болатын. Бастамалардың бірі еңбекақы мөлшері салыстырмалы түрде төмен қазақстандықтар үшін салықтық жүктемені 1%-ға дейін төмендету болды.

«Екінші бастама жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға қатысты. Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек», - деді Мемлекет басшысы.

Похожие материалы