Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жалған ақша қандай болады?

Жалған ақша қандай болады?

Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңге, сериялық нөмірі АЕ 8783277 қолдан жасалған ақша белгілерінің сараптамаға келіп түсу жағдайлары туралы хабарлайды.

Қолдан жасалған банкноттар компьютерлік техниканы пайдалана отырып офсеттік қағазда жасалған (түпнұсқа бейнені цифрлау және оны түрлі-түсті принтерде басып шығару), бұл ретте полиграфиялық жабдықта басып шығару белгілері жоқ. УК сәулеленгенде қағаз көгілдір сәуле таратады.

Түпнұсқа
Қолдан жасалған

Микромәтіндер, қосарланған бейнелер, УК және ИҚ сәулеленуде көрінетін бейнелер жоқ. Қолдан жасалған банкноттарда сутамғы белгісі банкноттың сырт жағынан жасалған. Қолдан жасалған сутамғы белгісінің кескініне сәуле түскенде түпнұсқа сутамғы белгісіне ұқсайды.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-6.png
Түпнұсқа
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-7.png
Қолдан жасалған

Банкноттың сырт жағындағы ою-өрнектен және номиналдан тұратын құстың бейнесі түріндегі «Фольга» қорғаныш элементі және үзік-үзік жіп имитацияланған.

Түпнұсқа
Қолдан жасалған

Банкнотта түпнұсқа банкнотта қолмен ұстағанда жақсы сезілетін интаглио мөр (жоғары бедерлі элементтер, оның ішінде көзі нашар көретін адамдар үшін белгі жоқ. Қолдан жасалған ақша белгілерінің түс гаммасы түпнұсқа банкнотқа барынша ұқсас. Халық арасында жоғарыда аталған қолданжасалған банкнотты түпнұсқа банкнот ретінде қабылдау ықтималдылығы бар.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-11.png
Түпнұсқа
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-12.png
Қолдан жасалған

Жалған ақшаны қалай ажыратуға болады?

Алдымен банкнотты сезіне білу қажет. Банкнот қағазының ерекше шытыры болады. Банкноттарда бедерлі арнайы мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ Елі» монументі, банкнот номиналының әріптік бейнесі, архитектуралық бейнелер, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер орналасқан жерде сезінуге болады. Барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдарға арналған шығыңқы жоғары бедерді элементтер түріндегі белгілер бар, оларды қолмен ұстап сезуге болады.

Содан кейін банкнотқа мұқият қарау керек. Банкноттың түсі анық және қарама-қарсы болуға тиіс, сутамғы белгісі мен номиналдың сандық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа тосып қарау керек.

Банкноттың бетіне шығатын, жарық түскенде жазулары бар біртұтас жіп сияқты анық көрінетін үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және үзік жіптерге назар аудару қажет.

Соңғысы, банкнотты аударып қарау қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі өзгеретін бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтынға өзгереді.

Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы суреттер құбылып отырады және динамикалық әсері бар.

Похожие материалы