Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жалған нөмірлер үшін көлік жүргізу құқығынан айырады

Жалған нөмірлер үшін көлік жүргізу құқығынан айырады

Нұр-Сұлтан. 8 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру жоспарлануда, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мәжіліс депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Түзетулер заң жүзінде бекітілгеннен кейін, көлікті қайта немесе бірнеше мәрте мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөлікке жалған нөмір орнатқаны үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Мәселен, егер бұрын тек айыппұл салынса, қазір жүргізуші көлік басқару құқығынан бір жылға айырылып және бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Похожие материалы