Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізіледі

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізіледі

Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу жөнінде ұсыныс енгізді.

«Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде» , - делінген министрліктің хабарамасында.

Ведомствоның хабарлауынша, Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі. Сондықтан, Министрлік Үкіметке Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізуді ұсынды. Оған сәйкес:

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады. 

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары. 

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - халықтың қалған санаттары.

«Бұл ретте атап өткен жөн, онда әр кезеңнің қорытындысы талданатын, проблемалық мәселелер анықталатын болады және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады», - деді Министрлікте.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.

Похожие материалы