Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — Жамбыл облысында 46 жоба жүзеге асырылуда, олар 600 млрд теңгеден астам сомаға бағаланады. Бұл туралы облыстың өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
«2015-2019 жылдарға арналған Жамбыл облысында қолдау картасы бойынша 601,5 млрд теңгенің 46 жобасы жүзеге асырылуда», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жобалар аясында 6,6 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
Айта кетейік, биылғы жылдың соңына дейін сұйытылған табиғи газ өндіру зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобаның құны 1,6 млрд теңгеге бағаланады. Кәсіпорынның қуаты жылына 70 мың тоннаны құрайды. Зауытта 108 жұмыс орны ашылады.