Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында алтын барлауға 200 млн теңге бөлінеді

Жамбыл облысында алтын барлауға 200 млн теңге бөлінеді

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz — Жамбыл облысынның Дюкарев алаңындағы құрамында алтыны бар кендер мен ілеспе компоненттерді барлау 355 млн теңгеге бағаланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

«Биылғы жылы барлауға 199,34 млн теңге бағыттау жоспарланған. Жоба бойынша инвестицияның жалпы сомасы 355,05 млн теңге», - деп түсіндірді министрлікте.

Ведомствода хабарлағандай, 2018 жылы геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған шығындар 27,77 млн теңгені құрады. Жобаны Minerals Gold қаржыландырады.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2020 жылға дейін. Учаскедегі құрамында алтын бар кендер мен ілеспе компоненттердің қорлары туралы ақпарат геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

Похожие материалы