Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жер телімін беру туралы оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге пара алған. 16 тамызда Байзақ аудандық сотының үкімімен Шалбаевқа 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Аталмыш айыппұл сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде төленуі тиіс. Өйтпеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады