Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында мемлекеттік бюджетке 4,5 млрд теңге өндірілді

Жамбыл облысында мемлекеттік бюджетке 4,5 млрд теңге өндірілді

Тараз. 3 сәуір. 7 kun.kz - Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) басшысың орынбасары Ерлан Өмірзақов мәлімдеді, деп хабарлайды МКД баспасөз қызметі.

«Жоспардың сапалы орындалуына байланысты, қосымша резервтерді іздеп табу үшін Департамент айқын белгілі іс-шаралар жүргізді, соның нетижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша 4,5 млрд теңге өндірілді, оның ішінде республикалық бюджетке 3,1 млрд теңге қамтамасыз етілді»,-деді спикер.

Ерлан Ролланұлының сөзінше, 2015 жылға жеткізілген болжам сомасы табысты орындалды. 2015 жылғы жалпы мемлекеттік бюджеттің жоспары 112,6 пайызды құрады, болжам - 60,2 млрд. теңге болса, түсім- 67,8 млрд. теңге немесе 7,6 млрд. теңгеге артық түсті.

 

Похожие материалы