Тараз. 3 наурыз. 7kun.kz - Жамбыл облысында құны 2 млрд 378,7 млн теңге болатын ет өңдеу комбинаты іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл ауданының әкімі Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, Бектөбе ауылындағы «Оңтүстік Халал тағамдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет комбинаты наурыз айының соңында іске қосылады. Жобаның құны 2 млрд 378,7 млн теңге, өндіріс қуаты – тәулігіне 40 тонна өнім шығарады. Жоба толық іске қосылған соң, жаңа 153 жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы толық аяқталмаған, онда 85 адам жұмыс атқаруда. Игерілген инвестиция 2 млрд 155,1 млн теңгені құрап отыр.