Алматы. 10 наурыз. 7kun.kz – Жамбыл облысындағы "Baiterek Travel Center" ЖШС Қазақстанда «Көксай» киіз үйлерден тұратын шипажай қалашығын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы жергілікті кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Жобаны іске асыру үшін 935 млн теңге көлемінде инвестиция тартылады. Киіз үйлерден тұратын бұл шипажайға жылына 15 мыңға жуық адам сияды», - дейді палата өкілі.
ҰКП баспасөз қызметінің айтуынша, шипажай қонақүй, әкімшілік ғимарат, тамақтану мен көлік тұратын жай секілді қажетті инфрақұрылыммен жұмыс істейді.