Жамбыл облысында «Өрлеу» бағдарламасы аясында 23465 адамға қаржылай көмек көрсетілді
Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек және әлеуметтік нормативтер бөлімінің басшысы Садырбаева Ғазиза Жұмаділқызы айтты.
Жамбыл облысында 2014-2015 жылдар аралығында «Өрлеу» пилоттық» бағдарлама енгізіліп, бағдарлама аясында шартты ақшалай көмек 2014 жылдан бері тағайындалуда. Шартты ақшалай көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана тағайындалады. Облыста «Өрлеу» бағдарламасы енгізілгелі шартты ақшалай көмекпен 23465 адам қамтылды.
"Бағдарлама аясында 5511 адам, немесе жұмысқа жарамды жастағы шартты ақшалай көмек алушылардың 92,3 пайызы, жұмыспен қамту шараларына тартылды. Нәтижесінде облыста табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың үлесі 2014 жылдан бері 2-і есе қысқарып, 0,4 пайызды құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың үлесі 27,2 пайызға дейін төмендеді (Аумақтық даму бағдарламасында жоспар бойынша 27,5 пайыз)»,-деп айтты спикер.