Жамбыл облысы. 1 желтоқсан. 7kun.kz – Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық топ мүшелері облыс аумағында аса ірі мөлшерде героин сатумен айналысқан.
30 қарашада қылмыстық топтың 6 мүшесі бір уақытта ұсталды. Тінту барысында күдіктілерден 1 келі 280 грамм героин, сондай-ақ гашиш, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазір есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.