Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында жылу энергетикасы бағдарламасы бойынша 14 жоба іске асырылды

Жамбыл облысында жылу энергетикасы бағдарламасы бойынша 14 жоба іске асырылды

Тараз. 12 ақпан. 7kun.kz - Жамбыл облысында жылу энергетикасы бағдарламасы бойынша 14 жоба іске асырылды. Бұл туралы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Ерік Көшербаев Өңірлік коммуникация қызметі баспасөз орталығында өткен брифинг барысында хабарлады.

2015 жылдың жоспарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден басқармаға 11234,38 млн теңге қарастырылып, оның 11 224,2 млн теңгесі игерілді. Оның ішінде: жылу энергетикасы бағдарламасы бойынша 2073,4 млн теңгеге 14 жоба іске асырылса, республикалық бюджеттен 1693,0 млн теңгеге 10 жоба іске асырылды. Бүгінгі күнге қаржының 2073,4 млн теңгесі игерілді.

"Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 472,3 млн теңгеге жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Игерілгені 100%. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылып, нысандар пайдалануға берілді",- деп атап көрсетті Ерік Көшербаев.

Похожие материалы