Тараз. 6 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Көшербаев Ерік Әубәкірұлы айтты.
«ҚР-ның санитарлық нормаларына сәйкес (СН РК 2.04-21-2004*) орташа сыртқы ауа температурасы тұрақты +8 0С болуымен Жамбыл облысы бойынша жылыту маусымы 2016 жылдың 3-ші сәуірден 4-ші сәуірге қараған түні аяқталды. Жылыту маусымының ұзақтығы 172 тәулікті құрады. Дегенмен де, санитарлық нормаларға сәйкес денсаулық сақтау және мектепке дейінгі мекемелердің аймақтық қазандықтары қажет болған жағдайда жылыту маусымын 180 тәулікке дейін жалғастыра алады (11 сәуірге дейін). Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша ыстық су беру жалғасуда (ыстық су алып жатқан үйлердің жалпы саны 701 үй). Жылу желілерін жөндеу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес ыстық суды беру 2016 жылдың 11-ші мамырынан 3-ші маусымына дейін қысымдап сынау жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылады. Әрі қарай 2016 жылдың 4-ші маусымынан 6-шы шілдесіне дейін ыстық суды беру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 7-шілдесінен бастап 27 тамызға дейінжылу желілеріне температуралық сынақ, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда»,-деді спикер.
Осының барысында, қаланың жылу желілерін қайта жаңғырту жүргізілетін учаскілерінде ыстық суды беру 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымы басталумен беріледі.
Ерік Әубәкірұлының айтуынша, жылыту маусымы штаттық режимде өтті, жылу желілерінде авариялар орын алған жоқ. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен және отын-энергетика кешені кәсіпорын басшыларымен жазғы кезеңде жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.
Ақпарат Жамбыл облыстық Ақпарат және талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алынды.