Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

Астана. 27 желтоқсан. 7kun.kz – «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол «BAZIS CONSTRUCTION» - «INFR.» ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алу кезінде ұсталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның ұсталғанын растады.

2013 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі болды. 2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың тамызы аралығында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарды.

2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарады.

Похожие материалы