Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында халықтың 24 пайызы шағын және орта бизнесте істейді

Жамбыл облысында халықтың 24 пайызы шағын және орта бизнесте істейді

Тараз. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына сапарында облыста шағын және орта бизнеске арналған инфрақұрылым дамуының жеткіліксіз екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

"Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған халықтың небәрі 24 пайызы жұмыс істейді. Бизнеспен айналысу жағдайларын жақсарту үшін  нақты шаралар қабылдау қажет. Болашақ ірі кәсіпорындардың емес, шағын және орта бизнестің қолында. Нарықтың сын-тегеуріндерін бірден байқап, жедел қайта мамандануға бейім тұратыны да осы шағын және орта бизнес. Бүгінде экономикалық тұрғыдан белсенді 523 мың адамның 44,6 пайызы – өзін-өзі қамтығандар. Бұл – республика бойынша ең төмен көрсеткіш. Өзін-өзі қамтығандарға келсек, олар барлық елдерде бар. Мәселе бұл адамдардың, біріншіден – өнімді жұмыспен қамтылуында, екіншіден – ашық, заңды түрде жұмыс істеуінде", – деді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы