Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа 500 теңгелік коллекциялық монеталар пайда болды

Жаңа 500 теңгелік коллекциялық монеталар пайда болды

Бүгіннен бастап «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан номиналы 500 теңгелік M.KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық Банк ұсынған монетада Қазақстанның халық суретшісі М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген.

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, ал жақтауында QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналы, соғылған жылы, монета жасалған металдың салмағы мен сынамасы жазылған. Жоғарғы бөлігінде «M.KENBAEV «ÁŃGIME» (1958)» деген жазу мен Ұлттық Банктің тауар белгісі басылған.

Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен тұрады. Салмағы – 31,1 грамм, сапасы – proof. 500 теңгелік номиналмен 1 500 данасы жасалды.

Похожие материалы