Әлем. 3 мамыр. 7kun.kz – Apple жаңа ұялы телефондарды қыркүйекте таныстыруды жоспарлауда. Желіде iPhone 14 топтамасының суреті мен бағасы жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жаңа топтамаға 6,1 дюймдік iPhone 14, 6,7 дюймдік iPhone 14 Max, 6,1 дюймдік iPhone 14 Pro және 6,7 дюймдік iPhone 14 Pro Max енген.
iPhone 14 ұялы телефондарының бағасы бұрынғы модельдермен салыстырғанда жоғары болады. iPhone 14 базалық моделі – 800 доллар (357 мың 45 теңге, 1 доллар – 446 теңге), iPhone 14 Max – 900 доллардан басталады (401 мың 676 теңге), iPhone 14 Pro – 1100 доллар (490 мың 938 теңге), 14 Pro Max – 1200 доллар (535 мың 568 теңге).
Айта кетейік, бұл бағалар алдағы уақытта барлық модель 100 долларға (44 мың 631 теңге) қымбаттайтынын көрсетеді.