Нұр-Сұлтан. 22 маусым. 7kun.kz – Ішкі істер министрлігі елдің жаңа облыстарындағы автокөлік нөмірлерінің кодтарын атады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ішкі істер министрлігінде түсіндіргендей, автокөлік нөмірлері өңірлердің атауына байланысты мемлекеттік тілдегі әліпби тәртібімен беріледі.
«Жаңадан құрылған үш облысқа автокөлік кодтарының цифрлық белгісін келесі ретпен беру ұсынылуда: Абай облысына - 18, Жетісу облысына - 19 және Ұлытау облысына - 20», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ басқарма облыстардың жаңа цифрлық белгілерінің енгізілуімен жаңа өңірлердің тұрғындарына бұрынғы нөмірлерін ауыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті.