Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа вице-министрлер тағайындалды

Жаңа вице-министрлер тағайындалды

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – ҚР үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. 

Нұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты. Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі,  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 

Сондай-ақ, ҚР сауда және интеграция вице-министрлері болып Жанель Кушукова және Азамат Асқарұлы тағайындалды. 

Жанель Кушукова Петропавл қаласында туған. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы ҚР экономика және сауда министрлігі демпингке қарсы бақылау комитетінің ішкі нарықты қорғау жөніндегі жетекші сарапшысы ретінде бастады. Соңғы 9 жыл бойы ҚР ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауда саясатын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 

Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Гарвард университетін, Гонконг ғылым және технология университетін бітірген. Түрлі жылдары «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС Халықаралық қатынастар департаментінің директоры қызметін атқарды, «KTZ Express Hong Kong Ltd»-ны басқарды, «ҚТЖ Экспресс» АҚ әуе көлігі департаментінің бас маманы болды. 2017 жылдан бастап ҚР премьер-министрінің орынбасарының кеңесшісі болды. 

Похожие материалы