Экономика
Жаңа жылда баруға болатын 7 орын
- "Тито Авангард"
Бұл мейрамханада балаларға арналған жаңа жылдық бағдарлама өтеді. Бағдарламаға Америка капитаны, Өрмекші-адам, Аяз ата мен Қарша қыз қатысады. Сондай-ақ, кішкентай қонақтарға Аяз атадан сыйлықтар таратылады.
[caption id="attachment_99678" align="aligncenter" width="1920"]
©Kvent.kz[/caption]
Өту уақыты: 24-30 желтоқсан және 2-6 қаңтар
Мекен-жайы: "Тито Авангард", Әл-Фараби даңғылы 75в/1
Құны: 5500-8000 тг
2. "Сезам"
"Сезам" Жаңа жылды жаңа форматтағы бағдарламамен қарсы алмақ. Алғашқы бөлімде "Түлкі мен қоян" музыкалық ертегісі қойылады. Екінші бөлімде Жаңа жылдық шыршаны Аяз ата мен Қаршақыз, ертегі кейіпкерлерімен бірге құттықтау кезеңі болады.
[caption id="attachment_99679" align="aligncenter" width="2048"]
©sxodim.com[/caption]
Өту уақыты: 23 желтоқсан - 6 қаңтар
Мекен-жайы: Grand Park сауда үйі, Қабдолов 1/4
Құны: 2000-4000 теңге
3. "Панорама" рестораны
Бұл ресторанда Жаңа жыл қарсаңында "Шығыс ертегісі" атты костюм-шоу өтеді.
[caption id="attachment_99681" align="aligncenter" width="1828"]
©Wikicity.kz[/caption]
Мекен-жайы: Медеу ауданы, Қоңыр к-сі,18
Құны: 13000 теңге (бір адамға)
4. "Тау-Дастархан" ойын-сауық комплексі
Бұл комплексте қызықты шоу-программамен қатар, демалуға да ыңғайлы жағдай жасалған. Отбасылық жұптар үшін арнайы балаларға арналған "Қазбек" залы бар. Онда балаларға арналған жаңа жылдық шоу-концерт өтеді.
[caption id="attachment_99676" align="aligncenter" width="870"]
©restoran.kz[/caption]
Мекен-жайы: Алма-арасан 1/3
Құны:
15 000 тг (бір адамға)
5.
The Ritz-Carlton Almaty
The Ritz-Carlton Almaty Жаңа жылды 28-қабаттағы Bar & Grill ресторанында қарсы алуға шақырады. Бұл күні келген қонақтарды табиғи музыка мен ерекше дастархан мәзірі күтеді. Сонымен бірге, балаларға арналған арнайы шоу-концерт өтеді.
[caption id="attachment_99682" align="aligncenter" width="900"]
©Pandalnd.kz[/caption]
Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 77/7
Уақыты: 20:00-ден 03.00-ге дейін
Құны: 75000 теңге (бір адамға)
6. Rixos
"Есте қаларлық түн" атты бағдарлама қойылып, көрермендерге ұсылынады. Кеш қонағы ретінде Роза Рымбаева қатысады. Сондай-ақ, үш зонаға бөлінген 3 залды қонақтар талғамына сай таңдап алуына болады. Балаларға да арнайы дайындалған бағдарламалар көрсетіледі.
[caption id="attachment_99684" align="aligncenter" width="870"]
©pandaland.kz[/caption]
Мекен-жайы: Сейфуллин даңғылы, 506/99
Құны: 100 000 теңге (бір адамға). Балалар үшін - 25 000 теңг
7. Villa Dei Fiori
Бұл кеште сізді венециялық стильдегі балет-шоу күтеді. Қатысушылар арнайы балға қатысады. Музыкалық жағынан Villa Band тобы қолдау көрсетеді. Ресторан келген қонақтар үшін құттықтау кешін де ұйымдастырады.
[caption id="attachment_99683" align="aligncenter" width="800"]
©villa-almaty.com[/caption]
Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 140а
Құны: 120 000 теңге (бір адамға)