Жаңаөзен. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Ұлттық ұланда қызмет атқарып жүрген 19 жастағы әскери қызметкер Жаңаөзендегі №5548 әскери бөлімнің жатақханасында асылып қалды, деп хабарлайды 7kun.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Мәйітті әріптесі оның бөлмесінен тапты. Ақтау горнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожаның айтуынша, жігіт 2021 жылдан бері Ұлттық ұлан қатарында сапер маманы болып қызмет еткен. Ол Ақтөбе облысынан келген.
«Жігіт үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір барлығын нақтылаудамыз», – деді ол.
2015 жылы дәл сол әскери бөлімде 1995 жылы туған әскерге шақырылған сарбаз асылып өлген жерінен табылды. Мәйітті әріптестері казарманың душ бөлмесінен тауып алған.