Жанат Құрманов «Алматы өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz - 2017 жылдың 08 қыркүйегінде «Алматы өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі» АҚ (АӨҚО РА) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, оның барысында Жанат Құрмановты АӨҚО РА директорлар Кеңесіне сайлау туралы шешім қабылданды. Бұл қызметте Құрманов мырза 2016 жылдың мамырынан бастап АӨҚО РА директорлар Кеңесінің мүшесі болған Хаджиева Мария ханымын ауыстырды. Бұл туралы АӨҚО РА баспасөз қызметі хабарлады.
Құрманов мырза С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1985) және Мәскеу экономика, менеджмент және құқық институтын (1996) «Экономист» мамандығы бойынша бітірген және физика-математика ғылымдарының кандидаты болып табылады. Бұған дейін Қазақстан Республикасының түрлі қаржы ұйымдарында бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу Департаментінің Директоры және «Қазақстан қор биржасы» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы болып табылады.
«Осындай құзыретті және тәжірибелі қаржыгер Жанат Бостановичті директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде сайлануы, Агенттіктің тиімділігін ұлғайтады және ұлттық рейтинг тәжірибесін Қазақстанда қолдануды кеңейту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беруіне сенімдімін», - деп АӨҚО РА директорлар Кеңесінің Төрағасы Шыңғыс Қанапиянов атап өтті.