Выбор редактора
Жапондық Westinghouse-тың банкрот болуы қазақтың Қазатомөнеркәсібіне әсер етпейді
Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Жапониялық Тoshiba Corp. бизнесін қайта құрылылымдайтыны белгілі болды. Атап айтқанда америкадағы еншілесі Westinghouse Electriс компаниясын жабады. Ал қазақстандық "Қазатомөнеркәсіп" ҰК 2007 жылы аталған компанияның 10% акциясын $540 млн сатып алған.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰК хабарлауынша Westinghouse Electric Company-дың қайта құрылымдануы ұлттық компанияның қаржылық көрсеткішіне әсер етпейді. Toshiba корпорациясынан акциялар пакетін сатып алу "опцион-пут" шарты бойынша жасалған. Бұл бойынша қазақстандық компания сатып алған акцияны Toshiba-ға сатып алу кезінде көрсетілген баға бойынша қайта сатуға құқылы", делінген хабарламада.