Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жапонияның бұрынғы премьер-министрін өлтірген адам өз әрекетінің себебін айтты

Жапонияның бұрынғы премьер-министрін өлтірген адам өз әрекетінің себебін айтты

Жапония. 9 шілде. 7kun.kz – Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге оқ атқан Тецуя Ямагами өз әрекетінің себебін айтты. Ол қылмысын Абэнің кесірінен оның отбасының кедейленіп кеткенімен түсіндірді, деп хабарлайды 7kun.kz NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу кезінде 41 жастағы Тецуя Ямагами Синдзо Абэнің оның отбасын қатты кедейлікке душар еткен адамдардың белгілі бір тобына кіргенін айтты.

Ямагами өзнің анасының сол адамдар тобта болғанын және топтың белгілі бір мақсаттарға жетуі үшін анасының үлкен қайырымдылық жасағанын түсіндірді. Нәтижесінде оның отбасысы қатты кедейленген.

Айыпталушының қандай «адамдар тобы» туралы айтып отырғаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, 8 шілдеде Нара қаласында Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге шабуыл жасалды. 67 жастағы саясаткердің мойны мен кеуде тұсына оқ атқан.

Полиция шабуылдаушыны ұстады. Ол 41 жастағы Тэцуя Ямагами болып шықты. Бұрынғы премьер-министр Нара медициналық университетінің ауруханасына ес-түссіз жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ ол қайтыс болды.

Похожие материалы