Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жапония Орталық Азия елдерінің дамуына 25 млрд доллар бөледі

Жапония Орталық Азия елдерінің дамуына 25 млрд доллар бөледі

Жапония алдағы бес жылда Орталық Азия елдерінің дамуына  25 млрд доллар қаржы бөледі. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді.

"Жапония мемлекеттердің жеке сектор аясында дамуы үшін Орталық Азия елдеріне көмек көрсетуді жалғастыра береді", - деді ол Назарбаев Университетінде болған лекция кезінде. Премьер министр жеке инвестицияны ынталандыруда және кадрларды дайындау кезінде Жапония ел аймақтарын қаржыландыратынын атап өтті. "Осыған байланысты елімізде Жапонияның көмегімен бизнестің жаңа мүмкіндіктерін құру үшін бес жылға арналған жаңа мақсаттар пайда болады. Ол үшін 3 трлн йен (25 млрд доллар) бөлінеді", - деді С.Абэ.

Похожие материалы