Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жақын арада әлем жаңа мұнай кен орындарына мұқтаж болады

Жақын арада әлем жаңа мұнай кен орындарына мұқтаж болады
3 қазан. Алматы. 7kun.kz - Сарапшылардың болжамына сенсек, жақын арада ірі мұнай кен орындары ашылмаған жағдайда, 2020 жылдың ортасында әлем шикізат тапшылығына ұшырайды, деп хабарлайды Oilprice.com Консалтингтік компания  Wood Mackenzie-дің бағалауы бойынша, жеткізілім тапшылығы келесі онжылдықтың ортасында пайда болады. Қазіргі технология деңгейі және мұнай кен орындарын ашу қарқынымен болжасақ, мұнай жетіспеушілігі 2030 жылға қарай тәулігіне 3 млн баррель, 2035 жылға қарай 7 млн.  б/т және 2040 жылға қарай 12 млн. б/т жетуі мүмкін. Көптеген мұнай кен орындары табылып жатқанымен,  олардың ірі кен орындарындағы шығындарды толтыруға қауқары жетпейді, ал мұнайға деген сұраныс артып жатыр. «Гайана – құлдырау кезеңінде табылған бірнеше ірі кен орындардың бірі. Мәселе осындай Гайана секілді ірі кен орындары көптеп ашылса ғана шешілмек. Жақын  арада біз «Гайандарға» қатты мұқтаж боламыз. Оларсыз мұнай нарығы таяу болашақта тапшылыққа тап болады», - дейді Wood Mackenzie-дің бас талдаушысы Саймон Флауерс.

Похожие материалы