Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жарты жылда 22 мыңнан астам қазақстандық елден кетті

Жарты жылда 22 мыңнан астам қазақстандық елден кетті

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың І жартыжылдығында 22,3 мыңнан астам қазақстандық Қазақстаннан тұрақты тұруға кету үшін құжаттарын ресімдеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шетелге көшкен адамдардың ең көп саны Ресейді таңдаған – 19 650. Германияға 1,4 мыңға жуық қазақстандық, Польшаға – 321, Өзбекстанға – 238, Беларуське – 162, Қырғызстанға – 129 көшті.

Сондай-ақ , ведомство хабарлағандай, жарты жылда 130 қазақстандық АҚШ-на, 53 адам Израильге, 45 адам Канадаға көшіп кеткен. Басқа елдерге көшіп кеткендердің 5,8 мыңы - кәмелетке толмағандар.

Өңірлер бойынша, елден шығарылған қазақстандықтардың көпшілігі Шығыс Қазақстан облысында тұрған - 3 мыңға жуық.

Қостанай облысынан - 2,9 мыңнан астам, Қарағанды облысынан - 2,8 мыңнан астам, Павлодар облысыннан – 2,3 мыңға жуық, Нұр-Сұлтаннанн – 2 мыңнан астам және Алматыдан – 1,9 мыңнан астам адам кетті.

Мигранттар арасында Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұрғындарының саны аз.

Похожие материалы