Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстандағы сыртқы көші-қон сальдосы теріс болып қалыптасты және 14,4 мың адамды құрады.
Жарты жылда елден 20,1 мың адам кетті, ал 5,6 мың адам келді.
Көшіп кеткендердің ішінде 14,5 мың адам – орыстар, 1,3 мың адам – немістер, 1,3 мың адам – украиндар, 1 мың адам – қазақтар, 454-і – татарлар, 322-і – поляктар, 233-і – белорустар, 109-і – кәрістер, 100-і – өзбектер, 63-і – шешендер, ал 44-і – молдавандар.
Бұл ретте келгендердің 3,2 мыңы - қазақтар, 1,1 мың адам - орыстар, 143 - қарақалпақтар, 138 - әзірбайжандар, 136 - өзбектер, 130 - украиндар, 111 - тәжіктер, 92 - корейлер, 82 - немістер, 88 - қырғыз, 64 - татар, 37 - түрік, 23 - күрд, 22 - армян, 21 - ауған, 21 - белорус, 14 - поляк.
Көшіп кеткендердің ішінде 3,4 мың адам техникалық мамандар, 1,8 мың адам – экономистер, 974 – педагог, 558 – медиктер, 394 – заңгер, 187 – сәулетшілер және құрылысшылар, ал 161 – ауыл шаруашылығы мамандары болды.
Ал келушілердің ішінде 486 адам техникалық мамандар, 248 – экономист, 235 – педагог, 142 – медиктер, 88 – сәулетшілер мен құрылысшылар, 63 – заңгер, 46-ауыл шаруашылық мамандары.