Экономика
Выбор редактора
Жас бизнесмендер көбеюде
Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік негіздерін оқыған студенттерге сертификаттар табыс етілді.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Жігер» ғылыми-білім беру орталығының бастамасымен бұл пән колледждер мен ЖОО-ның оқу процесіне былтырдан бастап енген болатын. «Бизнес негіздері» курсы бірнеше кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің бағдарламаларында болған.
Оқыту барысында студенттер жеке немесе құқықтық тұлғаны іс жүзінде тіркеуді үйренді, қарапайым қаржылық сауаттылық, өнімді жасау және басқару, маркетинг стратегиясы курстарына қатысып, командада жұмыс жасау мен көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерді. Олар алған білімдерін кейін іс жүзінде толықтай пайдалана алады.
Пәнді «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Enactus» халықаралық жобасының эдвайзері Сәкен Қаженов жүргізеді.
Оқу жылының аяғына дейін бұл пән аясында бес жүзден аса студент бизнес-оқытуан өтеді. Екі жүзден астам адам бүгінде сертификаттарға ие болып, жұмысқа жоғары даярлықтарын экономиканың нақты секторында көрсетіп берді.