Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Жастар жылы аясында еңбек етіп жүрген жастар баспаналы болады, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаев.
«Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жыл сайын жас мамандарға арналған мыңға жуық жалдамалы тұрғын үй салу жоспарда бар. Ол баспаналар кәсіпорындарда, ауылшаруашылығы мен бюджеттік мекемелерде, ғылым саласында жұмыс істейтін жас мамандарға, ісін енді бастаған кәіпкерлерге арналып алынады», - деді министр.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев отбасындағы бала саны, мүмкіндігі шектеулі, арнайы күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырғандар, толық емес отбасылар және т.б жағдайлар ескерілетінін атап өтті.