Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жасыл Алматы, Әлеуметтік әділдік – Руслан Нұрбаевтың сайлауалды бағдарламасы

Жасыл Алматы,  Әлеуметтік әділдік – Руслан Нұрбаевтың сайлауалды бағдарламасы

7kun.kz бұған дейін Алматы қаласы, №3 бірмандатты сайлау округінен үміткер Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлының сайлауалды бағдарламасын жариялауды бастаған еді. Баспаналы отбасы, ШОБ-ті қолдау, сапалы білім, салауатты өмір атты бірінші бөлімде аталған салалар бойынша нақты мәселелер айтылып, оның шешу жолдары ұсынылған. Үміткердің сайлауалды бағдарламасындағы екі үлкен бөлігі Алматы қаласының экологиясы мен әлеуметтік әділдікке арналады.  

ЖАСЫЛ АЛМАТЫ

Қаланың тау етегіндегі қазаншұңқырда орналасуы Алматының ахуалын күрделендіре түседі. Атмосфералық ауаның экологиялық жай-күйі сын-қатер туғызып отыр, оны жақсарту үшін 2027 жылға дейін төмендегі жүйелі шаралар іске асатын болады:

- Алатау ауданында орналасқан ЖЭС-2 газға ауыстыралады;

- Газбен жүретін 800 автобус, 200 троллейбус сатып алынады;

- 1,2 млн астам ағаш отырғызылады;

- 99,9% тұрғын үйлер газға қосылады.

Санамаланған жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша атмосфералық ауаны тазарту және қоршаған ортаны жалпы жақсарту бойынша халықтың экологиялық өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейі 2025 жылы 80%-ке және 2030 жылы 82%-ке жетеді деп күтілуде. Әсем қаламызды жайлы, жасыл қалаға айналдыруда барлық күш жігерімді салып атсалысатын боламын.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК

Қазақстан Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың «Әділ мемлекет – Әділ экономика – Әділ қоғам» атты үш қағидатына негізделетін жаңа мемлекеттік саясатқа көшу сатысында. Осы үш қағидат әлеуметтік әділдіктің алдыңғы діңгегіне айналады. Азаматтарға әлеуметтік кепілдік беру үшін Әлеуметтік кодекс әзірленуде.Кодекс негізінде:

- Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынның кемінде 30 пайызын өтемақы тетігі іске қосылмақ;

- Табысы төмен отбасынан шыққан 1 жас­тан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілден­діріл­ген әлеуметтік пакеттегі көмек азық-тү­лік­тен ақшалай түрге ауыстырылады;

- 2023 жылдан бастап жұмысынан айырыл­ғаны үшін берілетін әлеуметтік төлем мөлшерін табыстың 45 %-на дейін ұлғайтылады;

- 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайын­ғы инвестициялық табысының 50 %-ын 18 жасқа толғанға дейін баланың жинақтаушы шотына аудара отырып, «ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛА­ЛАР­ҒА» жалпыхалықтық бастамасы іске қосылады;

- «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының ке­мінде 7 %-ын «Қазақстан халқына» қоғам­дық қорына жыл сайын аударады.

Әлеуметтік кодекспен бекітілген кепілдіктің тәсілдерін баршаға ортақ етуге және сол кепілдікке шын мұқтаж азаматтарды қолдауға, әр азаматтың өмірін жақсартуға, еңбегін бағалауға, құқықтарын теңестіруге барымды саламын. Әлеуметтік әділдік қағидатын ұстанып алдағы уақытта оның жүзеге асуына атсалысамын.

Құрметті сайлаушылар!

Бағдарлама науқан қарсаңында дайындалған жоқ. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының тыныс-тіршілігін көріп, ел ахуалына әбден қанық болдым. Жоғарыда келтірген мәселелер мен оның шешімі көптен ойымда жүрді. Деректер базасын ұзақ уақыт жинақтадық. Сайып келгенде қазақстандықтардың игілігі үшін тер төгу өмірлік миссияма айналып отыр. Халық ахуалын жақсарту үшін осындай маңызды шақта сіздердің сенімдеріңізге мұқтажбын. Сіздердің дауыстарыңызды Парламент қабырғасында отырып естіртетініме шүбә келтірмесеңіздер болады. Елімізді бірге дамытайық!

Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлы – Алматы қаласында туып-өскен, Наноматериалдар және нанотехнология маманы. 27 жасында PhD доктор және ХАҒА академигі атанған, Іскерлік басқару бойынша сертификат иегері. Өз идеясын ғылымға айналдырып,  Әлем банкі грантын ұтып, өндірістік мекеме ұйымдастырып, отандық өнім шығарған жас ғалым. Әсем қаламыз Алматының тұрғыны, 4 баланың ата-анасы №3 бірмандатты сайлау округінен үміткердің бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.

Тапсырыс беруші Нұрлыбаев Р.Е

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлының сайлау қорының қаражатынан төленді

Похожие материалы