Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жасыл климат қоры Қазақстанға 110 млн доллар қаржы бөлді

Жасыл климат қоры Қазақстанға 110 млн доллар қаржы бөлді

Астана. 6 қазан. 7kun.kz – Жасыл климат қоры Қазақстанға жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру үшін 110 млн доллар қаржы бөлді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жасыл климат қорының (GCF) бұл үлесі жеңілдікпен қаржыландыруды 106 млн долларын және 4 млн долларын техникалық көмек үшін грант түрінде қамтиды.

Осы жобалар бойынша атқарушы агенттік болып Қазақстанға 7,3 млрд инвестициялаған Еуропалық қайта құру және даму банкі болады. Оның ішінде тұрақты энергетикаға 1,7 млрд еуро инвестиция салды.

Жобалар Қазақстанның Үкіметіне «жасыл экономикаға» көшуге көмек көрсетуге, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін интеграцияны арттыру мақсатында күн, жел дамытуға, шағын су және биогаз, сондай-ақ электр желілерін жаңғырту және нығайтуға бағытталады.

Жасыл климат қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкімен белсенді бірлескен жұмыс Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін инвестиция және климаттың өзгеруімен күреске бағытталған жобаларды жүзеге асыруды арттырады.

Еске салсақ, "Жасыл климат қоры" дамушы елдерде парниктік газдар шығарындыларын шектеу және қысқарту, климаттың өзгеруі әсеріне бейімделуге көмек көрсету үшін 124 ел үкіметтерінің бастамасымен құрылған.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы