Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әкімдер не оқып жүр?

Әкімдер не оқып жүр?

Облыстар мен еліміздегі ең ірі қалалардың әкімдері қандай басылымдарды оқиды? 7kun.kz аймақ басшыларының қайдан ақпарат алатынын зерттеп көрді. 

Баспасөз қызметтерінен алған ақпаратқа сүйенсек 14 облыстың әкімдері міндетті түрде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Литер" мен әкімдікке қарасты облыстық басылымдарды оқиды. Арасында мемлекеттік қызметке қатысты кәсіби басылымдар да бар. Елордамыз Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков жоғарыдағы басылымдардан бөлек «Аргументы и факты», «Время», «Караван», «Комсомольская правда Казахстана», «Central Asia monitor» газеттері мен «Жұлдыз» журналдарын таңдапты. Облыс аппараты жалпы саны 39-ға жуық газет-журналға жазылған. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің баспасөз қызметі әкімнің не оқитыны туралы нақты ақпарат беруден бас тартты. Жалпылама айтылғаны қазақ және орыс тіліндегі республикалық және қалалық басылымдарды тұрақты түрде оқып отырады. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мемлекеттік басылымдардан бөлек «Время», «Экспресс К», «Central Asia Monitor» газеттерін қадағалап отырады. Жалпы облыс әкімдігі 34 газет пен 5 журналға жазылыпты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мемлекеттік басылымдармен қатар "Financial Times", "Time" және "Коммерсанть" басылымдарын қадағалап отырады екен. Облыс әкімдігінің аппараты әртүрлі сипаттағы 30 газет-журналға жазылған. Экономика жаңалықтарынан хабардар болып отыруды қалайтындардың арасында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев та бар. Қазақ тіліндегі "Экономика", "Панорама" басылымдарын жаздырып алады.  Ал өңір жаңалықтарын «Сарыарқа самалы» және орыс тіліндегі «Звезда Прииртышья» және тәуелсіз басылымдар «Наша жизнь», «Новое время», «Городская неделя», «Обозрение недели» газеттері арқылы біліп отырады. Павлодар облысы әкімінің аппараты жылына 30 газет-журналға тапсырыс береді екен. Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Комсомольская правда. Казахстан», облыстық «Қостанай таңы», «Костанайские новости», «Наша газета», «Костанай-агро», «Наш Костанай» газеттерін шолып отырады. Жалпы аппаратта 30 атаулы газет пен журналды жаздырып алады. Газет-журналдарды көп оқитындар - жамбылдықтар деп есептеуге болады. Облыс әкімдігі 104 дана республикалық және облыстық мерзімді басылымдарға жазылады. Аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың басылым тізімі республикалық және облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» тәрізді газеттерден құралған. Газет-журналды көп оқитын әкімдіктің бірі - Батыс Қазақстан облысы. Облыс әкімінің аппараты 57 басылымға жазылған. "Уральская неделя" және "Мой город", "Harward Business Reviw", "Esquire Kazakhstan" журналдары міндетті түрде жазылып алынады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев республикалық газеттен бөлек "Орал өңірі", "Приуралье" басылымдарын  қарап отырады.  Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімге күнделікті республикалық және жергілікті газет-журналдардан және телеарналар мен сайттар арқылы жаңалықтар дайджесті жасалып беріледі. Қарағанды облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков күнделікті 3 рет жаңалықтар дайджестімен танысып отырады. Жаңалықтар дайджесті мемлекеттік және кәсіптік басылымдардан құралады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 22 аудандық, 8 облыстық, 25 облыстық басылымдарға жазылған.  Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қазақ және орыс тілдеріндегі 8 облыстық және 21 республикалық газет –журналдар жаздыртып алады, олардың арасында «Егемен Қазақстан», Казахстанская правда», «Қазақстан-Zaman», «Ана тілі», «Айқын» газеттері бар. Қызылорда облысы әкімдігінің қызметкерлері жалпы 43 газет-журналға жазылған. Мемлекеттік басылымдардан бөлек «Жас Алаш», «Мегаполис», «Аргументы и Факты» сияқты газеттер де бар. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысына күнделікті жаңалықтар топтамасы ғаламтордағы ресурстар арқылы жинақталып беріледі. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев және облыс әкімінің аппараты 2016 жылы 40-қа жуық газеттерге жазылыпты. Бұлардың ішінде "Маңғыстау", "Огни Мангыстау" және "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан" басылымдары 40 данадан жазылады.  Әдеттегі басылымдардан бөлек "Не хабар?", "Шер қала", "Отбасым" және "Караван" газеттері де оқылады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы республикалық басылымдардан бөлек жергілікті қазақ және орыс тіліндегі "Оңтүстік Қазақстан" және "Южный Казахстан" газеттерін таңдайды. [caption id="attachment_33455" align="alignnone" width="960"]12575744_765681393562207_9171335_n Шенеуніктер жиі жазылатын және оқитын ресурстар[/caption] Шенеуніктер оқитын интернет-ресурстардан Tengrinews.kz, Zakon.kz порталдары және "Интерфакс-Қазақстан" бірінші аталады. Мемлекеттік Baq.kz, Bnews.kz сайттары жиі қаралады. Танымал ресурстардың арасында Azattyk.org сайты да бар. Көпшілігінде сайттың орыс тілді бетіне сілтеме берілген. Орыс тілді сайттардың арасында Nur.kz, Radiotochka.kz ақпараттық сайттары да бар.

Похожие материалы