Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жазда қосымша пойыздар іске қосылады

Жазда қосымша пойыздар іске қосылады

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз маусымында қосымша пойыздарды іске  қосады, - деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ  баспасөз қызметі.

13-ші  маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін №201/210 «Алматы –Түркістан» бағыты бойынша аптасына екі рет пойыз жүреді.

Ал, № 207/208 «Алматы-Шымкент» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13-ші  маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді

№205/206 «Маңғыстау-Бейнеу»   бағыты бойынша  жүретін қосымша пойыз күнара, 10-шы маусымнан бастап 30-шы  тамызға дейін қатынайды.   

Сондай–ақ, 30-шы маусымнан бастап тамыздың 30-на дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан -  Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде. 

Похожие материалы