Экономика
Құрылыс компаниялары мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер салудан бас тартып отыр
Жеке құрылыс салушылар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақтау және Атыраудағы төмен бағаларға байланысты пәтер салудан бас тартып отыр деп хабарлайды "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басқарма басшысы Қуандық Бешімбаев.
"Біздің Ақтау мен Атырау бойынша проблемамыз бар, себебі коммуникация жүргізілген жер аумағы жоқ. Аймақтар үшін бағдарламада қарастырылған бағалар шаршы метрі үшін 165 мың теңге, 150 мың теңге деп қарастырылған. Ол аймақтарда барлық құрылыс материалдары шеттен әкелінген болып есептеледі, жеке компаниялар әріптестікке барғысы келмейді", - деп мәлімдеді ол "Нұр Отан" партиясының Ұлттық қордың бюджетті қаржысын тиімді пайдалану жөніндегі комиссия отырысы кезінде.
"Құрылыс салушылар әкімшіліктен сұрап отыр. Өз кезегінде әкімдіктегілер де бірнеше рет Ақтау мен Атыраудағы бағаларды Астана және Алматы қалаларының деңгейіне дейін жеткізу туралы да көтерген еді",- деп атап өтті Қ.Бешімбаев.