Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясы шілденің соңында басталады

Жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясы шілденің соңында басталады

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz – Салық қызметкерлері ағымдағы жылдың шілде айының үшінші онкүндігінен бастап жеке тұлғалардың салық берешегі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды бастайды, - деп мәлімдеді Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов.

«Біз осы науқанды жақын арада бастауға дайынбыз, дәлірек айтқанда, біз ағымдағы жылдың шілде айының үшінші онкүндігінде бастаймыз», - деді Баеділов жұма күні Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

«Қаржы министрлігі өсімпұл бойынша есептен шығару ережесін әзірледі. Қазіргі уақытта ережелер тиісті мемлекеттік органдарда келісуден өтуде және жақын арада біз оларды бекітеміз. Ережеге сәйкес, әрбір аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында күн сайын өсімді есептен шығарумен айналысатын комиссия құрылады», - деп толықтырды ол.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1,4 млн жеке тұлғаның 20,9 млрд теңге салық берешегі бар. Оның ішінде негізгі қарыз 14,3 млрд теңгені, есептелген өсім 6,6 млрд теңгені құрайды.

Ең көп салық берешегі (70%) көлік құралдарына салынатын салыққа (14,4 млрд теңге) тиесілі.

Жер салығы бойынша берешекке 12% (немесе 2,5 млрд теңге), мүлік салығына 6,7% (немесе 1,4 млрд теңге) тиесілі.

Жеке тұлғалар үшін салықтық амнистия жылдың соңына дейін аяқталады.

Акция жеке тұлға салықтар бойынша негізгі борышты төлеген жағдайда өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығаруды қарастырады.

Бұдан бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Түзетулер 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін салық міндеттемелері бойынша жеке тұлғаларға айыппұлдарды есептен шығаруды қарастырады, бұл ретте негізгі борышты 2019 жылдың соңына дейін өтеу қажет.

Похожие материалы