Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеке валюта айырбастау пункттері жабылмайды

Жеке валюта айырбастау пункттері жабылмайды

Қазақстанда жеке валюта айырбастау пункттері жабылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Бұл нарықтағы делдалдардың, айырбас пункттердің қызметін шектеу бойынша әкімшілік шараларға қатысты айтарым, меніңше, қазіргі уақытта біздер қандай да бір түбегейлі іс-қимылға дайынбыз деп ойламаймын. Олар қоғамның да, бизнестің де тарабынан қабылданбайды. Меніңше, олар Ұлттық банкке тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектесе алмайды», – деді ол. Сондай-ақ, ол бұл мәселені нарықтың қатысушылармен тікелей талқылауға, сол арқылы қандай шешімдер қабылдауға мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін атап өтті. Еске сала кетейік, өткен аптада «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» туралы заңға өзгеріс енгізілу қарастырылып жатқаны, ол өзгеріс қабылданса жеке валюта айырбастау пункттері жабылатыны туралы ақпарат тараған еді. Фото: 365info.kz

Похожие материалы