2014-2015 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары бойынша 492 нысанның сатылымы жоспарланған. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 301 нысан жекешелендірілуі тиіс еді деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
2015 жылдың 16 сәуіріндегі жағдай бойынша 278 нысан сатуға шығарылған, оның ішінде 160 нысан сатылды: республикалық меншік бойынша - 7 нысан, коммуналдық меншік бойынша - 68, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (ӘКК) бойынша - 48 және холдингтердің 37 нысаны.
Бұл ретте сатылымнан түскен қаражат келесідей таратылды: республикалық бюджетке - 730 млн теңге, облыстық бюджеттерге - 745 млн теңге, холдингтерге - 38 567 млн теңге және ӘКК-ге - 2 915 млн теңге.
Республикалық меншік бойынша: 2014-2015 жылдарға арналған сатылымдар графигі бойынша 34 нысан жекешелендірілуі тиіс. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 18 нысанның сатылуы жоспарланған. 16 сәуірдегі жағдай бойынша 18 нысан саудаға шығарылып, олардың 7-і сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша: 2014-2015 жылдарға арналған сатылымдар графигі бойынша 243 нысан жекешелендірілуі тиіс. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 139 нысан сатылуы тиіс еді. 16 сәуірдегі жағдай бойынша 132 нысан саудаға шығарылып, олардың 37-сі сатылды.
ӘКК бойынша: 2014-2015 жылдарға арналған сатылымдар графигі бойынша 109 нысан жекешелендірілуі тиіс. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 75 нысанның сатылуы жоспарланған. 16 сәуірдегі жағдай бойынша 64 нысан саудаға шығарылып, олардың 48-і сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша: 2014-2015 жылдарға арналған сатылымдар графигі бойынша 106 нысан жекешелендірілуі тиіс. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 69 нысанның сатылуы жоспарланған. 16 сәуірдегі жағдай бойынша 64 нысан саудаға шығарылып, олардың 37 нысан сатылды.